Ауыл жұртшылығы «көшеде қолымызға таяқ ұстап жүреміз» дейді. Гүлназ Кенжебаева бұралқы иттер құстарын қырып кеткенін айтты.
«Бес-алты ит құстарымды қырып кетті. Үйдің қасындағы қоқысты шашып тастайды. Өткенде көріп қалып айқайлап едім. Өзіме қарсы шапты. Адамнан қаймықпайды. Әсіресе балалар үшін қорқамыз. Қызымды «Батыс-2» ауданындағы мектепке апарамын. Әкесі үйде болса өзі апарып тастайды. Мен үйде мүмкіндігі шектеулі баламен отырмын. Күйеуім болмаса балаларды тіпті аулаға жіберуге қорқамын. Балама 6 мың теңгеге ит үркітетін таяқ алып бердім. Сонда да қорқамын. Бұл иттерге бір тоқтау болмаса, «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген бір күні адам жейді. Қанша бала таланды. Тіпті былтыр бір бала өлді. Бірақ осы мәселе әлі шешілмей келеді», — дейді Гүлназ.
Материалдың жалғасы Massaget.kz сайтында.
Наши новости теперь в WhatsApp! Подписывайтесь на наш канал в самом популярном мессенджере
Источник: tengrinews.kz