Ultimate magazine theme for WordPress.

Матча шайы шынымен де арықтауға көмектесе ме? Қазақстандық дәрігер түсіндірді 06 ноября 2023, 10:12

0 1

Матча шайы шынымен де арықтауға көмектесе ме? Қазақстандық дәрігер түсіндірді
                06 ноября 2023, 10:12

Фото: pixabay.com

Қазір әлеуметтік желілерде, әсіресе, tiktok-та матча шайы арықтауға көмектеседі деген видеолар тарап жатыр. Матча шайы деген қандай шай? Ол шынымен де арықтауға көмектеседі ме және оны кімдерге ішуге болмайды? Бұл сұрақтарға дәрігер, артық салмақ психологы Аида Әбілқасымқызы жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Матча шайы – көк шай, алайда ол қарапайым көк шайға қарағанда басқаша технологиямен алынады. Ерекше технологиямен өсірілген жапырақтарды кептіреді, содан соң ұнтақтайды. Дүкен сөрелеріне ол осындай ұнтақ түрінде келеді. Ыстық суы бар кесеге бір-екі шай қасық ұнтақты салып, бұлғауышпен көбік пайда болғанша араластырады. Оны тек шай түрінде емес, десерт, пісірме, коктейль, балмұздақ, смузи, тұздықтарға қосады және косметикалық құралдарға пайдаланады.

Бұл шайды дайындау процесі де, шайдың өзі де адамға тыныштандырушы әсер береді. Оның ұнтақталған жапырақтары дәрумендер, аминқышқылдар және минералдарға бай. Сондай-ақ матча шайы сергітуші әсер береді. Бірақ ол артық салмақтан арылуға көмектесе ме?

Дәрігер Аида Әбілқасымқызы матча шайы артық салмақтың себептерін жоймайтынын айтты.

«Матча шайы артық салмақ себептерін жоймайды. Жәй ғана несеп айдағыш және іш жүргізетін әсер береді. Бақылаусыз зәр айдау және ішті өткізу өкінішке қарай жасушалардан калийді шайып жіберіп, жасуша ішіндегі натрий мен жасушалардың қозғыштығы арттырып, кетоацидоз, метаболикалық алкалозға дейін әкелуі мүмкін. Адам қатты әлсіреп, ауыр анемия, гипотиреозы бар адамдарда тахикардия туындап, өмірлеріне қауіп төнеді. Бұл ойыншық емес! Себебі қазір гипотиреоз қазақстандықтардың 80-90%-ында бар. Өйткені біз йодтапшылықты аймақта тұрамыз. Сондықтан түрлі шайларды қойып, анализ тапсырып, әр адам жеке емделу керек», — деп кеңес берді Аида Әбілқасымқызы.

Дәрігер артық салмақтан арылу үшін алдымен маманға қаралып, оның себебін анықтау керегін айтты. Оның айтуынша, әдетте артық салмаққа мыналар әкеледі:

  • Дұрыс емес рацион;
  • Детокс жүйе жұмысының бұзылуы (АІЖ, бауыр, ұйқы безі, бүйрек);
  • Гормондар тепе-теңсіздігі;
  • Анемия;
  • Дефициттер;
  • Тамаққа тәуелділік;
  • Паразиттер, құрттар;
  • Нашар ұйқы.

Матча шайын кімдерге ішуге болмайды?

Матча шайын жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға және балаларға ішуге болмайды. Сондай-ақ оны инфаркт немесе инсульт алған, асқазан-ішек жолы проблемасы бар және бауыр қызметінде бұзылыстары бар адамдарға ішуге болмайды. Кей адамдар бұл шайдың құрамындағы компоненттерді көтере алмауы да мүмкін.

Матча шайын кешке ішуге болмайды: ол ұйқы проблемасын тудыруы мүмкін. Оны күніне тек 1-2 кесе ғана ішуге болады. Себебі оны мөлшерден тыс ішу ағзаға зиян келтіруі мүмкін.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ескерту: егер қандай да бір созылмалы ауруыңыз немесе аллергияңыз болса, кез келген жаңа өнімді рационға қоспас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Источник: tengrinews.kz

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.